Қызылордада бас имамға кедергі жасаған адамға айыппұл салынды
2022 жылғы 13 маусым 22:57

Қызылордада бас имамға кедергі жасаған адамға айыппұл салынды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мешітте бас имамға кедергі жасаған деструктивті діни ағым ұстанушысына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласында деструктивті діни ағымын ұстанатын 35 жастағы тұрғын мешіттердің бірінде бас имамның ескертуіне қарамастан оған кедергі жасаған. Полиция қызметкерлері осындай келеңсіздікке жол берген 35 жастағы азаматтты анықтады.

«Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 8-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Онда діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу жағдайы көрсетілген. Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысына әкімшілік айыппұл салынды», - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада тергеу изоляторында темекінің ішінен кептірілген есірткі табылды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT