Қызылордада белгісіз бағытқа шығып кеткен жасөспірім қыз іздестірілуде
2022 жылғы 22 сәуір 11:54

Қызылордада белгісіз бағытқа шығып кеткен жасөспірім қыз іздестірілуде

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен 14 жастағы жасөспірім қызға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 21 сәуірде тіркелді. Облыс орталығында тұратын 14 жастағы жасөспірім Бернияз Аруназ Қайратқызы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы - 1,60-1,65 метр, орта денелі, шашы қоңыр түсті, ұзынша. Үстіне қызғылт-қоңыр күртеше, қара түсті шалбар, ақ түсті спорттық кроссовка киген. Кәмелет жасына толмаған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Байқоңырда Сырдарияға батып кеткен адамның денесі екі айдан бері табылмай жатқанын хабарлаған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT