Қызылордада экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған адам ұсталды
2022 жылғы 29 сәуір 04:06

Қызылордада экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған адам ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада экстремистік бағыттағы материалдарды сақтағаны үшін деструктивті діни ағымды ұстанатын адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізді.

Нәтижесінде экстремистік бағыттағы материалдарды сақтағаны үшін деструктивті діни ағымдағы 30 жастағы облыс тұрғыны анықталды.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Онда бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi ҚР аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру жағдайы көрсетілген.

Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылды. Оған 214 410 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылордада полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT