Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен қала тұрғыны ұсталды
2022 жылғы 13 тамыз 10:43

Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен қала тұрғыны ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында сексеуілді заңсыз кескен қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс аумағында 8-18 тамыз аралығында «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Іс-шараның мақсаты - табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу.

«Іс-шара аясында облыс орталығында 40 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Volvo жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан заңсыз кесілген сексеуіл анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Онда өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші полицейлерден қашпақ болды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT