Қызылордада шаңды дауыл соғып тұр
2022 жылғы 21 мамыр 18:21

Қызылордада шаңды дауыл соғып тұр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бүгін шаңды дауыл соғып тұр. Салалық департамент оқыс оқиғалар тіркелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша, бүгін облыс аумағында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды.

«Қызылорда облысының басым бөлігінде 21 мамырда күндіз жаңбыр болады. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан. Түнде батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді. Желдің екпіні Қызылорда қаласында секундына 23-28 метр шамасында болады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады», - деген болжам таратылды.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің хабарлауынша, әзірге облыста ауа райына қатысты оқыс оқиғалар тіркелген жоқ.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қазгидромет» 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.

Ақтөбе облысында жасөспірімді найзағай соғып, мерт қылды.

Ал, Алматы құтқарушылары тауға шығу қауіптілігін ескертті.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT