
Қызылордада тағы бір ірі есірткі алқабы жойылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл мақсатта Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр департаменті бірлесіп жедел іс-шара жүргізді.
Нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы қала тұрғынының Шиелі ауданына қарасты далалық жердегі қалың сексеуіл арасында 1 665 түп сора өсімдігін еккені анықталды.
«Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен және 300 -бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында қалың шеңгел арасынан ірі есірткі алқабы анықталды.