Қызылордада тергеу изоляторында темекінің ішінен кептірілген есірткі табылды
2022 жылғы 13 маусым 02:31

Қызылордада тергеу изоляторында темекінің ішінен кептірілген есірткі табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тергеу изоляторында темекінің ішінен кептірілген есірткі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу мекемесінде сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінде полиция қызметкерлері тыйым салынған затты анықтады.

«Оқиға орнына дереу Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тексеру барысында темекінің 200 данасын жеке-жеке қарап шықты. Нәтижесінде төрт темекіден түсі жасыл, өзіне тән ерекше иісі бар, шөп тәрізді зат анықталды. Сараптама қорытындысымен оның 2,76 гр кептірілген марихуана екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Оңтүстік Кореяға виза жасап берем деп 5 адамды алдаған қызылордалық әйел ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT