Қызылордалық полицейлер 74,5 млн теңгені ұрлап кеткен қылмыскерді қолға түсірді
2022 жылғы 5 мамыр 03:22

Қызылордалық полицейлер 74,5 млн теңгені ұрлап кеткен қылмыскерді қолға түсірді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер фирмадан 74,5 млн теңгені ұрлап, 2014 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2014 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Қостанай облысының 56 жастағы тұрғыны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған.

«Ол 2012 жылдың ақпан айында сыбайласымен бірге жалған келісім-шарт жасаған. Нәтижесінде Қызылорда қаласындағы фирмалардың бірінен 74 580 940 теңгені банк арқылы есепшотына аударып, жымқырып кеткен. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бас шарасы бойынша «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылып, іздеу жарияланған болатын. Арнайы іздестіру ісі арналып, тиісті шаралар жүргізілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінще, Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері оны Ақмола облысында қолға түсірді. Ол Нұр-Сұлтан қаласында қамауға алынған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада біреудің ауласынан 5 млн теңгенің құрылыс заттарын ұрлаған адам ұсталды.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT