Мақсат Қиқымов Атамекен ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
2022 жылғы 18 ақпан 15:49

Мақсат Қиқымов Атамекен ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында басқарма төрағасының міндетін атқарушы және төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезі өтіп жатыр.

Офлайн форматта өткен съезде бірнеше мәселе қаралды. Алдымен «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы және мүшелері сайланды.

Сонымен қатар жиын барысында кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері талқыланып, ұлттық палатаны қайта реформалау мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, кезектен тыс съезде Нариман Әбілшайықов «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқаратыны белгілі болды.

Одан бөлек, Мақсат Қиқымов Атамекен ҰКП басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін Райымбек Баталовтың «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы болып сайланғаны туралы хабарлаған едік.

Ұлттық палатада болған тағы бір ауыс-түйіс: Абылай Мырзахметов төрағалығынан бас тартты.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT