кеше 03:10 Қостанай облысында ірі қарадан бруцеллез табылған ауыл карантинге жабылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Диев ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталып, елді мекен аумағында шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2023 20:54 Алматы облысында екі мың қой батпаққа батып қалды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысында батпаққа батып қалған екі мың қойдың 19-ы өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2023 17:41 Ауыл тұрғыны: Арманым – қымыз өндіруде жаңа технологияларды қолдану ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Бірлік ауылының тұрғыны Қуатбек Ақышев бірнеше жылдан бері жылқы бағып, бие сауып, таза әрі қажырлы еңбегінің нәтижесін көріп отыр. Бір-екі биеден бастаған шаруашылығы бүгінде шағын фермаға айналған. Жеті қазынаның бірі, ер қанаты, мінсең көлік, жесең ет, сүтін ішсең шипалы сусын – жылқы өсіруді кәсіп еткен еңбекқор азаматты ҚазАқпарат тілшісі әңгімеге тартқан еді.
14.03.2023 14:11 Катонқарағай ауданында 200-ден астам ұсақ малдан күл ауруы табылды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында 200-ден астам ұсақ малда күл ауруы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 11:38 Ақтөбе облысында сиыр екі басты бұзау туды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында сиыр екі басты бұзау туды. Көп ұзамай оны иесі бауыздап тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.03.2023 12:17 Елімізден ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салынбақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағынан ірі қара мен ұсақ малды (ұрғашы) әкетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлескен бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.02.2023 14:38 Төрт түлік малға идентификация жасайтын ақпараттық жүйе іске қосылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіретін ақпарат жүйесі іске қосылады. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің Мәжілістің таратылған 7-шақырылым депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.02.2023 12:29 Биыл ветеринар мамандардың айлығына 35 пайыз үстемеақы қосылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін ветеринария мамандарының еңбекақысына 35 пайыз үстемеақы қосылады. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің Мәжілістің таратылған 7-шақырылым депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.02.2023 17:36 Түркістан облысында ауыл әкімдері мал санын қолдан өсіріп, өтірік ақпарат беріп келген ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ауыл әкімдері мал саны бойынша бұрмаланған ақпарат беріп, жайылым жерге деген қажеттілікті артық көрсеткен. Мұндай заңбұзушылықты облыстық прокуратура қызметкерлері кезекті тексеру кезінде анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.02.2023 14:00 2030 жылға дейін ауыл шаруашылығында 1,7 мың жаңа инвестжоба іске асады АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының өзектендірілген жобасы қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.
01.02.2023 10:44 Қазақстанда субсидияға онлайн өтінім қабылдайтын портал іске қосылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» толық көлемде іске қосылды. Барлық техникалық нюанстар ретке келтірілген және портал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін қабылдауға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
28.01.2023 13:06 Ақтөбе облысында шаруа қожалығына мал ауруына байланысты шектеу енгізілді АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Әйке ауылдық округі, Тереңсай ауылында орналасқан «Саят» ШҚ иесінен 25 қаңтарда ветеринариялық қызметіне ірі қара малдардың ауруы туралы хабарлама келіп түсті.
27.01.2023 23:37 Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ет консервілерін өндіру 5,5%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистистика бюросына сілтеме жасап.
27.01.2023 18:54 Мал шаруашылығы саласы субсидиясыз жұмыс істеуге дайын АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорын басшыларымен өткен кезекті іскерлік таңғы аста мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.01.2023 14:40 Ақтөбеде ірі қарадан ауру шығып, тексеру басталды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Тереңсай ауылында 5-6 бас ірі қарадан ауру шығып, Астанадан келген мамандар сілекей, қан сынамасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.01.2023 00:48 Ақтауда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кеткен жігіт ауыр халде жатыр АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда 39 жастағы ер адамның үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кетті. Ол облыстық ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.01.2023 12:46 Кей өңірлерде ет бағасы 22 пайызға дейін қымбаттап кеткен АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылдың желтоқсан айының соңында ет өнімдері бағасы бір жылда 16,6 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.01.2023 09:41 1 ақпаннан бастап субсидия алу үшін арнайы порталда өтінім беруге болады АСТАНА. ҚазАқпарат - «Агрөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» фермерлерге субсидияға өтінім ресімдеу үшін балама ретінде әзірленді. Өтінімді бірыңғай gosagro.kz веб-порталында беруге болады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07.01.2023 20:18 Атырауда шаруалардың дабылынан соң каналдарға төрт түлік үшін су жіберілді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда шаруалардың дабылынан соң каналдарға төрт түлік үшін су жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.01.2023 07:50 Бұқашықтар мен қошқарларды экспортқа шығаруға квота енгізілді АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, 2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын шетелге экспорттаудың жаңа ережелері күшіне енді.