Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлері халықаралық көрмеге қойылды

2022 жылғы 3 қазан, 19:43
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлері халықаралық көрмеге қойылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи- өлкетану музейі Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан IV дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы қолданбалы өнер көрмесіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Изник қаласы 2022 жылғы түркі дүниесінің мәдени астанасы болып бекітілген. 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өткен шараға Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия елінің спортшылары, өнерпаздары мен қолөнершілері қатысты»,- деп мәлім етті Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметінен.

Халықаралық шараға Маңғыстау облысының делегациясы барды.

Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі де қатысып, өз өнерлерін көрсеткен.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar