05:16 Маңғыстауда дзюдодан халықаралық турнир өтіп жатыр АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы «Маңғыстау арена» спорт кешенінде халық батырлары «Иса-Досан» жүлдесіне арналған ХІІІ халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 16:12 Ақтау қалалық мәслихатына кімдер сайланды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелерін жаричялады.
кеше 13:54 Маңғыстаулықтар өз еркімен бір сағат жарықсыз отырады АҚТАУ. ҚазАқпарат – 25 наурыз күні Маңғыстау облысында «Жер сағаты» акциясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 03:17 Маңғыстау облысы мәслихатына кімдер сайланды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысы белгілі болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 23:16 Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ-нің бұйрығымен полиция полковнигі Байгелді Байжан Исембекұлы ротация негізінде Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 22:31 Маңғыстауда 3 айда 68 адам туберкулез жұқтырған АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 2023 жылдың басынан бастап 68 адам туберкулезге шалдыққан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 жағдайға азайып отыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлнар Көркінбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 20:31 Ақтауда өзінің 3 баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 09:52 Ақтау әуежайы Тегераннан алғашқы чартерлік рейсті қабылдады АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау әуежайы Тегераннан алғашқы чартерлік рейсті қабылдады. Иран әуекомпаниясының ұшағымен Маңғыстау облысына 137 турист келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23.03.2023 17:22 Ақтауда «Жасыл үй» акциясы басталды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда «Жасыл үй» акциясы басталды. Оның аясында көппәтерлі үйлердің аулаларын көгалдандыруға ниет білдіргендер 10 көшет тегін ала алады. Өтінімдер 30 наурызға дейін қабылданады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.03.2023 04:09 Ақтауда Наурыз тойлауға 20 мыңнан аса адам жиналды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Наурыз мейрамын тойлауға теңіз жағалауына 20 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.03.2023 15:24 Маңғыстау облысында бір жылда 12 ауыл ауыз сумен қамтылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – өңірдегі өзекті мәселелердің бірі. Халықты тіршілік нәрімен қамту ісі Астрахань-Маңғыстау су құбыры арқылы келетін Еділ суы мен теңіз суын тұшыту арқылы жүзеге асырылады. Осы су көздерінің жалпы қуаты тәулігіне 156,8 мың текше метрді құрайды. Алайда, бұл су тапшылығын толық шешпейді.
19.03.2023 17:25 101 жастағы әже: Көпшіліктің таңдауында береке болады АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Қарақия ауданының №148 сайлау учаскесінде дауыс берген 101 жастағы Ханым Сүйіндікова — ғасырдың жүзін көрген бақытты әже.
19.03.2023 13:55 Арақ-шараптан бас тартқан Маңғыстау облысындағы ауыл сайлау күні де ерекшеленді АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Баянды ауылының тұрғындары сайлау учаскелеріне жаппай қазақтың ұлттық киімімен келуде. Ер азаматтар иығына оюлы шапандарын жапса, қыз-келіншектер кәжекей, қамзолын киіп, саяси шараның сәнін келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
19.03.2023 13:15 70 жастағы таксист апай өз таңдауын жасады АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына «таксист Гүлшара апай» деген атпен танымал көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Гүлшара Жолдасбаева Шетпе ауылындағы №166 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.03.2023 12:34 NFC чемпионы Ералы Әбдіров: Дауыс беру – бір параққа белгі қою емес АҚТАУ. ҚазАқпарат – Саяси науқаннан қалыс қалмай, ел болашағы үшін дауыс беруге келгендердің бірі – NFC чемпионы Ералы Әбдіров, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19.03.2023 10:57 Маңғыстаулық келіншек үшемін ертіп, дауыс беруге келді АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны «Күміс алқа»иегері Гүлсара Вапаева сайлау учаскесіне 5 жастан асқан үшем Ербол, Нұрбол, Іңкәрмен бірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2023 07:30 Рамазан айында Маңғыстау мешіттерінде күн сайын 5 мыңға жуық адамға ауызашар беріледі АҚТАУ. ҚазАқпарат - Рамазан айында Маңғыстау мешіттерінде күн сайын 5 мыңға жуық адамға ауызашар беріледі. Ал облыстық «Бекет ата» мешіті жанында арнайы ауызашар шатыры тігіледі. Онда күнде 400 кісіге ауызашар дастарқаны жайылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2023 04:00 Ақтауда заңсыз жиналған қоқыс үйінділерін жою жұмыстары басталды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған 9 заңсыз қоқыс үйіндісі бар. Қазір аталған қоқыс үйінділерін жою жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 07:43 Маңғыстауда Наурыз мерекесіне орай 250-ден астам іс-шара өтеді АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде 250-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Бұл туралы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Әсем Әшірова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 02:05 Ақтауда «Mangystau Nauryz fest - 2023» фестивалі өтіп жатыр АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтауда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Mangystau Nauryz fest - 2023» фестивалі өтіп жатыр. Шара аясында жастар тал отырғызып, тәттілер үлестірді, деп ҚазАқпарат тілшісі.