Маңғыстау облысының қорғаныс істері департаментіне жаңа басшы келді
2022 жылғы 10 маусым 17:23

Маңғыстау облысының қорғаныс істері департаментіне жаңа басшы келді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық қорғаныс істері департаментінің жаңа бастығы болып Нығмет Ахметұлы тағайындалды. Ол бұрын Түркістан облысының қорғаныс істері департаментін басқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Нығмет Ахметұлы 1971 жылы 11 шілдеде Шымкент облысы Бөген ауданының Бадам станциясында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін 1996 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

«Заң ғылымдарының магистрі» ғылыми дәрежесі бар.

Қорғаныс департаментінің жаңа басшысы 1996 жылдан 2002 жылға дейін нейрохирург дәрігер мамандығы бойынша түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

Ал 2002 жылдың ақпан айында Қарулы күштер қатарына шақырылған.

Соңғы 20 жыл бойы Оңтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері департаменті бастығының көмекшісінен басшысына дейін әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Полковник атағы 2019 жылы мерзімінен бұрын берілген.

Үйленген, екі қызы бар.

Әскери ведомствоның ресми хабарламасына сәйкес, Нығмет Ахметұлы І дәрежелі «Ел қорғаны», І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «ҚР Қарулы Күштеріне 10 жыл» медальдарымен және басқа да жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT