
2022 жылғы 15 маусым 11:22
Маңғыстаудағы кәсіпорында жұмысшы өртеніп кетті
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 15 маусым күні сағат 00:50 шамасында Маңғыстау облысының Қарақиян ауданында Жаңаөзен қаласынан 40 шақырым жерде «ӨзенМұнайГаз» АҚ аумағындағы АПРС-40 көтергіш қондырғысы және №49 бөлімшесі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 01:51 кезінде сөндірілді.
Оқиға орнынан күйіп кеткен мәйіт табылған. Өрттің мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнына облыстық ТЖД 8 қызметкері мен 2 техникасы барды.
Сондай-ақ... оқыңыз
TOP