Мәжілісте қаржы пирамидасымен күреске арналған құжат қаралады
2022 жылғы 25 мамыр 10:51

Мәжілісте қаржы пирамидасымен күреске арналған құжат қаралады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаттарының қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржылық пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған заң жобасы Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді. Құжаттың негізгі мақсаты - азаматтар мүлкінің қорғалауын арттыру және қаржы пирамидасының бастапқы сатысындағы қызметінің жолын кесу. Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша 2022 жылғы 16 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов палатаның жалпы отырысында.

Айта кетейік, бұған дейін депутаттар қаржы пирамидасын жарнамалаушыларды жауапқа тартуды ұсынған болатын.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT