Мектеп автобустарының автопаркі жаңартылады - Үкімет отырысы
2022 жылғы 1 маусым 11:12

Мектеп автобустарының автопаркі жаңартылады - Үкімет отырысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп автобустарының автопаркі жаңартылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл алғаш рет 25 мыңнан аса баланы оқу орнына қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарының автопаркі ауқымды түрде жаңартылады. Әкімдіктер 515 мектеп автобустарын лизингпен сатып алуда. Алғашқы автобустарды осы айдың ішінде Ақмола облысына жеткізу жоспарланған», - деді ол.

Вице-министрдің атап өтуінше, Балалар жылы бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 10 пайызға өсті. Бұл ретте Шымкент қаласы, Қарағанды облысының жұмысын оң бағалауға болады.

«Балалар жылында алғаш рет жас спортшыларымыздың халықаралық спорт жарыстарына қатысуына республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, қазақстандық команда Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадада 86 медаль жеңіп алып, 70 елдің ішінде Бразилия, Франциядан кейін 3-орынды иеленді. 2,4 млн оқушы қосымша білім алып жатыр. Биыл 270 мыңнан аса бала қосымша үйірмелер мен секциялармен қамтылады. Жыл соңына дейін қамту көрсеткіші 5 пайызға ұлғаяды», - деді Шолпан Каринова.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT