Мектеп жасындағы 2 млн бала дене шынықтыру үйірмелерімен қамтылған – министрлік
2022 жылғы 1 маусым 12:00

Мектеп жасындағы 2 млн бала дене шынықтыру үйірмелерімен қамтылған – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикада балалар мен жасөспірімдердің 652 клубы және 138 дене шынықтыру клубы бар. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз халық арасында, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасындағы бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып келеміз. Соның ішінде жалпы білім беретін мектептердің оқушылары ерекше қамтылып отыр. Мектеп жасындағы жалпы оқушылардың 2 миллионы дене шынықтырумен, спортпен қамтылған. Республикада балалар мен жасөспірімдердің 652 клубы және 138 дене шынықтыру клубы бар, ондағы балалар мен жасөспірімдердің саны – 200 мыңнан асады», - деді Д. Абаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бұл бағытта бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр.

«Еліміздің 7 қаласында «Қолжетімді спорт» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Аталған бағдарлама 20 мыңнан аса адамды қамтиды. 10 спорт түрі бойынша ұлттық мектеп лигасы ұйымдастырылды, бұл мектеп жасындағы 2,7 млн-нан астам баланы қамтыды. Жергілікті атқару органдарымен бірігіп спорттық инфрақұрылымды дамытудың жоспар-кестесі әзірленді. Ол 113 жаңа нысан салу, 21 нысанды жетілдіру және 6 ірі нысанды қосымша жабдықтаудан тұрады», - деді Дәурен Абаев.

Бұған дейін Дәурен Абаев балаларға арналған мәдени жобаларды таныстырған еді.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT