Монополистер тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына көшуге кедергі келтіріп отыр – МИБ төрағасы
2022 жылғы 29 маусым 13:38

Монополистер тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына көшуге кедергі келтіріп отыр – МИБ төрағасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үй құрылысындағы монополистер жаңа салынған көппәтерлі үйлердің басқарудың жаңа формасына көшуіне кедергі келтіріп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Еркебұлан Мыңжасаров осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі тұрғындар тарапынан болатын кедергілер көп емес. Бұл жерде Президент айтқандай, салаға монополиясыздандыру шаралары қажет. Мүлік иелерінің бірлестігін құру кезінде моноплистердің жағынан көптеген кедергілерді байқадық. Мысалы, тұрғын үй салушы компаниялар пәтерлерді жеке меншікке сатқаннан кейін де басқаруды өз қолына алады. Құрылыс компаниясының кепіл мерзімі бар. Сол мерзім өткенше өзіне бағынышты басқарушы компания арқылы тұрғын үйді басқарып, пәтер иелерінің нысанның қандай сапада салынғаны, инженерлік инфрақұрылымы қандай деңгейде тартылғанын көруге мүмкіндік бермейді», - деді ол.

Айтуынша, елде құрылып жатқан мүлік иелері бірлестігі төрағаларының ең бірінші кездесетін басты проблемасы қазір осы болып отыр.

«Салдарынан жаңа салынған үйлердің тұрғындарының мүлік иелері бірлестігін құруға мұршасы болмайды. Олар үйдің негізгі техникалық құжаттарын алудан босай алмай жатады», - деді МИБ төрағасы.

Айта кетейік, Мәжіліс энергия үнемдеу туралы заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабылдаған болатын. Соның аясында пәтер иелері кооперативтері тағы бір жыл жұмыс істейтін болған еді.


Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 12 айда баспана бағасы мен жалға алу құны қаншалықты өсті
2022 жылғы 8 тамыз 13:05

Қазақстанда 12 айда баспана бағасы мен жалға алу құны қаншалықты өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы шілдеде 2021 жылғы шілдемен салыстырғанда ҚР-дағы қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 26,4%-ға, ал жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 19,6%-ға өскен.

2022 жылдың шілдесінде тұрғын үйді жалға алу ақысы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 20,8%-ға артқан.

Өңірлік бөліністе жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%,

Нұр-Сұлтан қаласында – 27,6%,

Өскеменде 26,1% қымбаттады.

Қайталама нарықтағы баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда (44%), Өскемен (43,7%), Талдықорған (43,4%) және Нұр-Сұлтан қалалары (41,3%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (47,2%).

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша іріктемелі байқау деректері негізінде қалыптастырылады



Министр баспана салу жоспарының не үшін орындалмағанын түсіндірді
2022 жылғы 2 тамыз 12:07

Министр баспана салу жоспарының не үшін орындалмағанын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының неліктен толық орындалмағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша 3 көрсеткішке қол жеткізілген жоқ. Бірінші, 163,1 мың тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші орындалмады, бұл бір баспана үшін базалық ауданның айырмашылығына байланысты. Мәселен, статистика деректері бойынша халық жоспарлаған 6,8 млн шаршы метрден 7 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Яғни, индикативті есептеу кезінде жеке құрылыс салынатын бір тұрғын үйдің ауданы жоспарланған 140 шаршы метрден іс жүзінде 173 шаршы метр шыққан. Ол жоспарланған 48,7 мың тұрғын үйден 40,7 мың тұрғын үйге дейін төмендуіне себеп болды. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлер көлемінде де осындай жағдай, бір пәтер 90 шаршы метрді құрауы тиіс 114,4 мың баспананы пайдалануға беру жоспарланған, іс жүзінде орташа ауданы 110 шаршы метр 108,7 мың тұрғын үй берілді», - деді Қ. Өскенбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Екіншіден, ҚР аумағы арқылы транзит көлемінің өсуі бойынша жоспардағы 25,3 млн тонна орындалмады.

«Оның себебі – Қытай Халық Республикасы тарапынан қатаң санитарлық шектеулер енгізілді, бұл шекара маңындағы теміржол өткелдерінің өткізу қабілетін 2 есеге азайтты. Транзиттік жүктердің негізгі үлесі Қытайға тиесілі екенін ескерсек, бұл транзиттік тасымалдардың жалпы көлемінің шамамен 70%-ы немесе 15,4 млн тоннадан астамын құрағандықтан жоспарға қол жеткізілмеді. Үшіншіден, бұл жағдайлар Транскаспий бағытындағы контейнер ағынын ұлғайту көрсеткішіне де теріс әсер еткен. Жоспар бойынша 45 мың жиырма футтық балама болған, нақты орындалуы шамамен 41 мың болды», - деп түсіндірді министр.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT