Мүлікті талан-таражға салды деп айыпталған Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары ақталды
2022 жылғы 13 тамыз 23:35

Мүлікті талан-таражға салды деп айыпталған Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары ақталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіровті және тағы 4 айыпталушыны ақтау туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу айыбы тағылған (ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) А., Д., Д., Д., М.-ға қатысты ақтау үкімі шығарылды.

Сот отырысында айыптаушы тарап сотталушылар А., Д., Д., Д. және М. сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қандай жолмен аса ірі мөлшерде талан-таражға салғаны туралы сотқа дәлелдемелер ұсынған жоқ.
Бұдан басқа, сотпен қылмыстық істі СДТБТ-ға тіркеу барысында қылмыстық іс жүргізу заң бұзушылықтары орын алғандығы анықталды.
Кінәсіздік презумпциясына байланысты және ҚПК-нің 19-бабына сәйкес айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол анық дәлелдермен расталуы тиіс.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары А., Д., Д., Д. және М. кінәсін дәлелдеудің жеткілікті жиынтығын ұсынбағандықтан, сот сотталушыларды кінәсіз деп таныды және сотталушылардың қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысқандығы дәлелденбегені үшін оларды ақтады.
Бұдан басқа, апелляциялық сатыдағы сотпен ҚПК-нің 170-бабының 6-бөлігіне сәйкес «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талап арызы қараусыз қалдырылды.
ҚПК-нің 4-тарауына сәйкес А., Д., Д., Д. және М. үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде келтірілген зиянды оңалтуға және өтетуге құқықтары бар деп танылды.
Апелляциялық үкім заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT