Наурызда enpf-otbasy.kz платформасында өтініштер саны 9 есеге артты
2022 жылғы 31 наурыз 11:24

Наурызда enpf-otbasy.kz платформасында өтініштер саны 9 есеге артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еnpf-otbasy.kz платформасы 732 мыңнан астам қазақстандыққа тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге қажет ресурстарды алуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отбасы банкі» мәліметінше, орташа есеппен алғанда, 2021 жылы платформаға ай сайын 100 мыңға дейін өтінім келіп түсті. 1-30 наурыз аралығында enpf-otbasy.kz платформасында клиенттерден түскен өтінімдер саны 2022 жылдың ең жоғарғы деңгейі - 870 мыңға жетті. Оның ішінде:

1. Аяқталған өтінімдер - бұл мақұлданған өтінімдер, онда қаражат нысаналы мақсаты бойынша жіберілді - 352 мың.

2. БЖЗҚ клиент қаражатының жеткіліксіз болуына байланысты кері қайтарған өтініштер саны - 146 мың.

3. Клиент нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды бекітеді деп күтілетін өтінімдер - 106 мың.

4. Салынған құжаттарды тексеруге өтінім - 73 мың.

5. Клиенттің өзі жойған өтінімдер - 52 мың.

6. Клиенттер қол қоймаған, аяқталмаған өтінімдер – 35 мың.

7. Пысықтауға жіберілген өтінімдер - 34 мың.

8. БЖЗҚ-нан арнайы шотқа қаражат түсуін күтудегі өтінімдер - 33 мың.

9. Толықтыру үшін Отбасы банкінің салымын таңдау қажет өтінімдер – 20 мың

10. БЖЗҚ-на қайтарылған қаражат бойынша өтінімдер - 19 мың.

Келіп түскен барлық өтінімдер, сондай-ақ мақсатты растайтын құжаттар салынған өтінімдер кезек тәртібімен пысықталады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT