Нұр-Сұлтан мен Алматыда 12 адам коронавирус жұқтырды
2022 жылғы 20 маусым 11:03

Нұр-Сұлтан мен Алматыда 12 адам коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен бір тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, коронавирус науқастары Нұр-Сұлтан (2 адам) және Алматы (10) қалаларында анықталды.

Сондай-ақ 19 маусымдағы бір тәулікте ел өңірлерінде аталған індеттен 10 адам жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Алматы қаласында - 3, Алматы облысында - 1, Қызылорда облысында - 1,

Жалпы, пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 1 305 962 адамнан анықталды. Оның ішінде 1 292 162 адам індеттен сауықты.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT