Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді
2022 жылғы 9 наурыз 23:15

Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Анталия қаласына ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.

«Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді» деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Оның айтуынша, Анталия дипломатия форумы - ғаламдық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатын дискуссия алаңы.

Биылғы форум «Дипломатияны қайта кодтау» тақырыбында өтеді.



Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT