Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
2022 жылғы 13 маусым 11:26

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT