Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі әлеуметтік желіде қалай талқылануда
2019 жылғы 20 наурыз 03:56

Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі әлеуметтік желіде қалай талқылануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуы туралы желіге түрлі жазбалар жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсіресе кішкентай балалар Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент еместігін естіп, жылап қалған.

Балалармен бірге, қазақстандық әйелдердің де Елбасын қимай, орнына жақсы Президент тілейтін аудиожазбалары әп сәтте желіге таралды.

Сонымен бірге, әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азияда өз еркімен кеткен алғашқы президент екені айтылды.null

Тағы бір желі қолданушысы қазақтың өзекті оқиғаға байланысты ат қою ырымын еске салып, Қасымжомарт есімді сәбилердің көбейтетін айтып, сәуегейлік танытты.null

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуын жарнамалық мақсатта қолданған компаниялар да бар. Aviata компаниясы «Бұрынғыдай Назарбаевта жұмыс істейміз» ұранын жариялады. Осылайша, компания өз кеңсесінің Назарбаев көшесі, 137-үйде орналасқанын меңзеген.null

Авангард хоккей клубы да Барыс клубын 5:0 есебімен жеңуі мен Елбасы мәлімдемесін ұштастырып, ұтымды қалжыңдай білді.null

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT