ОҚО-да Бекарыс Шойбековтың онлайн дәрісіне 67 мыңнан аса оқушы қатысты
2018 жылғы 1 наурыз 20:22

ОҚО-да Бекарыс Шойбековтың онлайн дәрісіне 67 мыңнан аса оқушы қатысты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен білім басқармасының ұйымдастыруымен «Өнегелі бір сағат» онлай режимдегі тағылымдық шарасы өтті. Облыс бойынша бір мезетте өткен дәріске 1 038 мектептің 10-11 сыныптарынан 67 260 оқушы қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара аясында өткен дәрісті «100 жаңа есім» жобасына енген ҚР Мәдениет қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері және көпшілікке айтыскер ақындығымен танылған Бекарыс Шойбеков жүргізді. Ол ең алдымен өзінің өмірі жайлы мәлімет беріп, ұл мен қыз тәрбиесінде ұлттық бірегейлікті сақтау жайын сөз етті. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды насихаттау мен ата-анамен бала қарым-қатынасын нығайту, үлкенге құрмет, кішіге ізет жасау тәрбиесіне басымдық танытуға байланысты ағалық ақыл-кеңесін айтты.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі 6 басымдылығын (Бәсекелік қабілет, Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы) оқушылардың бойына сіңіре отырып, патриоттық сезімдерді ояту, ізгілікке және азаматтыққа бағдарланған көзқарасын қалыптастыруға бағытталған тағылымдық тәрбие жөнінде де кеңінен сөз етті.

null

«Еліміздің әр бір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. Яғни, сол тағдырды жасаушы сіз бен біз. «100 жаңа есім» жобасы нақты адамдардың тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Осыған орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын» дегені бекер емес-ті. Демек, келешекте суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар қалыптастырған тұлғалардың өмірі үлгі етіліп, өмірге деген құштарлық туғызады»,- деді Бекарыс Шойбеков.

null

Ақыннан дәріс алған оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, өздерінің үлгі тұтар азаматтарының бойындағы жақсы қасиетке бейімділігі артты. Тіптен, оқушылардың арасында өнерге деген қызығушылығы басымдары өз қабілеттерін шыңдай түсетіндіктерін жасырмады.

null null null

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT