12:10 Құрманғазының күйлері жайлы мультсериал жарыққа шықты АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақ күйлері жайлы мультсериал жарыққа шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 20:16 Жамбылдық қолөнершілердің бұйымдары АҚШ-тағы көрмелерге қойылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Айгүл Ақшалова бастаған Жамбыл облысының делегациясы АҚШ-қа барып, ондағы көрмелерде қолөнер бұйымдарын назарға ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
24.03.2023 21:23 «Қазақфильм» үздік сценарийлер байқауының қорытындысын жария етті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының сарапшылар кеңесі үш айға созылған сценарийлер байқауын қорытындылады. Үздік сценарийлер Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 05:38 Актерлер арасында қазақ күресінен «Театр барысы» турнирі өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 наурыз сағат 16:00-де елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен театрлар арасында «Театр барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.03.2023 19:57 Телефонға телмірген баланы ұлттық өнерге қызықтыру керек - шебер АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік шебер Күләш Құлекенова 70 жастан асқан шағында жастарға қазақтың салт-дәстүрін үйретіп, ұмыт болған ұлттық өнерді қайта жаңғыртып жүр. Өзі қыз жасауын дайындайды, ондағы әр оюдың мән-маңызын түсіндіреді. Қазір балаларға ұлттық өнерді үйретіп, телефонға телмірген уақытын тиімді жұмсауға бағыттауымыз керек деп жиі айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.03.2023 12:21 Бесік жасауынан ұлттық нақышты көргім келді – атыраулық шебер АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық шебер бесік жасауын ұлттық нақышпен тігеді. «Әр тігісті жүргізгенде, бөбекке қуаныш сыйлағанын іштей тілеп отырамын» деген ҚазАқпарат тілшісіне Гүлзия Исембаева тігіншілікке бет бұру себебімен бөлісті.
23.03.2023 09:49 Қуана сыйға тартар едім: Қамшысын Президент сатып алған қолөнершімен сұхбат ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Алпысбай ағаны бір көргеннен-ақ нағыз қазақ екенін бірден аңғаруға болатындай. Жүріс-тұрысы, ақкөңіл мінезі, жалпы, қазақилықтың исі бүкіл болмысынан аңқып тұрғандай. Расымен солай, жас кезінде көкпар тартқан алпамса денелі Алпысбай Байшөкенов бүгінде қамшының түр-түрін өріп, ат әбзелдерін әрлеумен айналысады. Бұдан бөлек, бүркіттің биялайын, томағасын, балақбауын жасайды, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.
22.03.2023 18:05 Астанадағы күйші-композиторлар аллеясында домбыра мүсіні орнатылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада дауылпаз күйші Дина Нұрпейісованың ескерткіші жанында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.03.2023 12:33 Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Together» атты жаңа әні жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.03.2023 15:00 Астананың мектептері мен колледждерінде бір уақытта қазақ күйлері орындалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елорданың барлық білім беру ұйымында астана уақыты бойынша сағат 12:00-де «Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
13.03.2023 14:55 «Қыз Жібектің» режиссері Сұлтан Қожықовтың туғанына 100 жыл толды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінің режиссері Сұлтан- Ахмет Қожықов тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді. Айтулы датаға орай алматылықтар «Қазақфильм» киностудиясының жұлдыздар аллеясындағы естелік жұлдызына гүл шоғын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 08:50 «Оскар» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды ЛОС-АНЖЕЛЕС.ҚазАқпарат - Лос-Анжелестегі Dolby театрында америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтіп жатыр. 2023 жылдың алғашқы «Оскар» сыйлықтары табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Америка дауысына сілтеме жасап.
09.03.2023 16:12 «Шабыттың» шәкірттері балық емес - Жастар қозғалысы шатыры тесік университетті сынап флешмоб өткізді АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы Қазақстан ұлттық өнер университетінің шатырындағы ақауға қарсылық білдіріп, «Шелек шабытты құртады» атты флешмоб өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.03.2023 23:17 Лондонда Димаштың «Бір аспан тарихы» музыкалық бейнебаяны көрсетілді ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Лондонда Crystal Palace International Film Festival аясында «Бір аспан тарихы» бейнебаянының көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
08.03.2023 14:45 Бала кезімде етік жөндеуге қызығатын едім – атыраулық етікші келіншек АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында тұратын етікшінің бірі – Гүлдана Хауашева. Оның ықыласы бала кезінен осы кәсіпке ауған. Қуыршақпен ойнаудан гөрі ауладағы гаражда темір-терсектерді шұқылап, аяқкиім жөндеуді ұнатқан. Сол кезде сіңлісінің спорттық аяқкиімін жөндеп берген. Арғы аталарының кәсібін қайта жаңғыртқан ол етік жөндеуді қалай бастағанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.03.2023 16:25 Қытайдағы қандастар Джеки Чанға тұлпар мінгізді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономия өлкесі Іле Қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданын мекендейтін қандастарымыз Оскар сыйлығының иегері, әлемге танымал қытайлық актер Джеки Чанға шапан жауып, тұлпар мінгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.03.2023 10:29 Нью-Йорктің Times Square алаңында Imanbek-тің суреті жарияланды АСТАНА. ҚазАқпарат – Нью-Йоркте қазақстандық диджей Imanbek-тің фотосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.03.2023 19:28 Жуырда оюдың 700-ден астам түрі енгізілген жинақ шығарамыз - Ерлан Қарин АСТАНА. ҚазАқпарат – Жуырда оюлардың каталогі шығады. Жинаққа оюдың 700-ден астам түрі енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
03.03.2023 20:00 Димаш Құдайберген туралы Мексика радиосында арнайы бағдарлама шықты АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурызда «Алғыс айту» күні мерекесіне орай Мексиканың «Andromeda radio» радиостанциясында жерлесіміз, әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге арналған бағдарлама эфирге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dimashnews.com ресурсына сілтеме жасап.
01.03.2023 21:40 Жүздеген алматылық Дархан Жүнісбековты еске алу концертіне жиналды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Darkhan Juzz сахналық атымен белгілі отандық әнші Дархан Жүнісбековты еске алуға арналған концерт өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.