Оралда сегізінші қабаттағы терезеде тұрған 2,5 жастағы бала құтқарылды
2022 жылғы 22 маусым 16:30

Оралда сегізінші қабаттағы терезеде тұрған 2,5 жастағы бала құтқарылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда сегізінші қабаттағы ашық терезеден қарап тұрған 2,5 жастағы бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Құрманғазы көшесі 33-мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты үйде болды. Шақырту сағат 10.52-де түскен.

«2019 жылғы бала үйде жалғыз қалған. Көрші әйел есікті ашайын десе, бала жылап, ашық тұрған терезеге жүгірген, сосын құтқарушыларды шақырған. Бала терезе мен балконнан қарап тұрған. Оны шошытып алмау үшін құтқарушылар төбеден балкон арқылы түсіп, баланы құтқарып қалды. Содан кейін келген анасының қолына тапсырған. БҚО ТЖ департаменті ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да күшті желдің 120 шаршы метр қора шатырын жұлып әкеткенін жазған болатынбыз.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT