Өрттің кесірінен үш баласы мен үйінен айырылған қостанайлық отбасы баспаналы болды
2022 жылғы 18 сәуір 17:46

Өрттің кесірінен үш баласы мен үйінен айырылған қостанайлық отбасы баспаналы болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қайғы жұтқан отбасына жаңа үй «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен алынды. Оған жергілікті әкімдік өкілдері көмек сұрай жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтінішті операторлар жедел қарастырып, Қордың Қамқоршылық кеңесі мен Басқармасы көмек көрсету туралы шешім қабылдайды. Мұқтаж отбасына баспана алу үшін 10 млн теңге бөледі. Жаңа үйдің қора-қопсысы бар, жиһазбен жабдықталған.

«Қазір отбасы осы үйге көшті, бірақ бұл олардың қайғысын жеңілдетпейтіні түсінікті. Дегенмен, қайғы жұтқан ата-ана жалғыз баласымен туыстарының үйін паналап жүруге мәжбүр еді», - дейді Амангелді ауылының әкімі Гауһар Жанділдина.

Белгілі болғанындай, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Амангелді ауылына барып, жұмыс істеп жүрген ерлі-зайыптылар өртеніп кеткен үйді несиеге алған. Жергілікті әкімдіктің көмегімен жас отбасы несиенің қалған бөлігін жапты.

«Қазақстан халқына» қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын үй сатып алуға қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім тосыннан болған қайғылы оқиғаға байланысты бір реттік ерекше жағдай ретінде тіркеліп отыр.

Еске сала кетейік, 31 наурызда Амангелді ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, 2016, 2019 және 2020 жылы туған үш бала көз жұмған еді.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT