Өскемен тұрғынының 6 млн теңгесін алған алаяқ ұсталды
2022 жылғы 10 маусым 05:44

Өскемен тұрғынының 6 млн теңгесін алған алаяқ ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны өзін риэлтор ретінде таныстырған алаяққа алданып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық ПБ Үлбі полиция бөліміне 53 жастағы тұрғын жүгінді. Өз сөзінде ол алаяққа алданып, 5 900 000 теңгесінен айырылғанын жеткізген.

Белгілі болғандай, жәбірленушіге өзін риэлтор ретінде таныстырған бейтаныс біреу құжаттар көрсетіп, сеніміне кірген. Баспана сатып алуға көмектесетіндігін айтып, уәде берді. Алайда келісім-шартқа қол қойып, қомақты қаржы қолына түсісімен ол мүлде байланысқа шықпай кеткен.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 32 жастағы күдіктіні ұстады. Оған қатысты келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО әкімдігінің қасындағы ғимаратқа бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат түскенін хабарлаған едік.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT