Отандастар қорының басшысы тағайындалды
2022 жылғы 29 сәуір 18:39

Отандастар қорының басшысы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Отандастар қоры» КЕ АҚ ұжымына жаңа басшысын таныстырды. Қор директорлар кеңесінің шешімімен Абзал Сапарбекұлы осы ұйымның президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Абзал Сапарбекұлы бұған дейін Қазақстанның Түркиядағы Елшісі болған. 2000 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылымында жұмыс істейді, сондай-ақ түркітілдес елдердің ынтымақтастығы жөніндегі ұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар.

Министр Мұхтар Тілеуберді шет мемлекеттердегі және елге келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

«Біз қандастарымызға жан-жақты көмек пен қолдау көрсету, шетелдегі қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін белсенді жұмыс істеуіміз қажет», - деді СІМ басшысы.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT