Павлодарда өсімдік шаруашылығына 1,3 млрд теңге субсидия бөлінуі мүмкін
2022 жылғы 16 маусым 23:28

Павлодарда өсімдік шаруашылығына 1,3 млрд теңге субсидия бөлінуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Павлодар обылысында өсімдік шаруашылығын дамытуға 1,3 млрд теңге субсидия бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңір әкімдігі ағымдағы жылы басымдық берілетін дақылдар тізімін айқындап, қаулыны ашық талқылауға шығарды. Биыл аймақ шараулары күнбағыс пен қарақұмыққа басымдық береді. Сонымен қатар өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға бағытталатын бюджет көлемін 1 млрд 328 мың теңге көлемінде белгілеуді ұсынамыз», - делінген әкімдік қаулысында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысының әкімі сүт өндіру көлемін арттыру үшін 8 ферма салынатынын айтқан болатын.



Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT