Президент туралы конституциялық заңда Назарбаевқа кепілдік беретін нормалар бар – вице-министр
2022 жылғы 9 маусым 13:27

Президент туралы конституциялық заңда Назарбаевқа кепілдік беретін нормалар бар – вице-министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Елбасы туралы конституциялық заң күшін жойса да, Президент туралы констуциялық заң Елбасыға тіиісті кепілдіктер беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң шығарушылар бұрынғы Президенттерді жауапкершіліктен қорғайтын норманы алып тастау туралы шешім шығарса, Нұрсұлтан Назарбаевты жауапқа тартуға болатынын айтыпсыз. Бұл қашан іске асады» - деп сұрады БАҚ өкілдері орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

«Кеше Мәжілістің кеңейтілген отырысынан кейін БАҚ өкілі маған осыған ұқсас сұрақ қойған болатын. Мен оған Елбасы туралы заңды жою туралы ұсыныс біздің тұжырымдамамызда бар екенін түсіндірдім. Егер түзетулер қабылданса, тиіспеушілік туралы бап Елбасы отбасының мүшелеріне қарастырылмайтын болады. Бірақ бізде Президент туралы конституциялық заң жобасы бар екенін ескеруіміз керек. Онда бүкіл экс-президенттерге қатысты нормалар бар. Ал Елбасы туралы бөлек жазылмаған. Онда жалпы Президенттерге өкілеттіктерін аяқтағаннан кейін кепілдіктер берілетіні туралы айтылған», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, Президент дегеніміз – саяси тұлға.

«Ол бүкіл мемлекетке қатысты ішкі және сыртқы саясатпен байланысты түбегейлі шешімдер қабылдайды. Сондықтан бүкіл экс-президенттерді қамтитын норма тиісті конституциялық заңда бар. Елбасы туралы заң жобасы жойылса да, бізде Президент туралы конституциялық заң жобасында тиісті кепілдіктерді қамтитын нормалар бар», - деді Алма Мұқанова.

Айта кетейік, 7 маусымда Орталық референдум комиссиясы Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданғанын мәлімдеген еді.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT