Президент Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспары қабылданды
2022 жылғы 29 наурыз 09:42

Президент Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспары қабылданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Жолдауында айтылған іс-шаралардың сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Жолдауында айтылған ауқымды саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды іске асыру үшін 10 негізгі бағыттан тұратын Жалпыұлттық жоспар әзірленді. Бірінші кезекте аса маңызды саяси реформаларды іске асыру көзделіп отыр. Ол үшін Президенттің өкілеттігі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, мәслихаттардың, әкімдердің функциялары мен оларды құру тәртібі, саяси партия құру мәселелеріне қатысты конституциялық заңдар мен басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет.

Сондай-ақ, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгереді. Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешені іске асырылады», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, ұсынылған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары Жолдауда айтылған міндеттерге толық сәйкес келеді және барлық келісу рәсімдерінен өтті. Сондықтан жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет. Ондағы әрбір іс-шараның сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты екенін баса айтқым келеді. Орынбасарларыма жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын», - деді Әлихан Смайылов.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT