Референдумда жас буынның азаматтық кемелденгені сезіледі –  ҰҚШҰ байқаушылары
2022 жылғы 5 маусым 14:23

Референдумда жас буынның азаматтық кемелденгені сезіледі –  ҰҚШҰ байқаушылары

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары Қазақстандағы референдум учаскелерін аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең біздің жұмыс тобымыз дауыс беру учаскесіне келді. Бұл науқанның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, халықтың белсенді келуін, аға буынның да, жас ұрпақтың да патриоттық мінезін байқағанымызды айтқым келеді. Түске дейін негізінен егде жастағы халық дауыс берді, жастар сағат 10 – 11-ден кейін белсенді келе бастады (...) Одан бөлек, жас буынның азаматтық және саяси кемелденуі сезілетінін атап өткім келеді», - деді топтың үйлестірушісі, Тәжікстан Мәжілісінің депутаты Баротзода Барот Файзулло Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, барлық референдум учаскелерінде бұрын президенттік және парламенттік сайлауға қатысқан тәжірибелі мамандар жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясының байқаушылары Қазақстандағы референдумды жоғары қызығушылықпен бақылап отырғандарын айтқан еді. Олар таңғы 7-ден бері референдум учаскелерін аралап жүр.

Сонымен бірге Қырғызстаннан Қазақстанға 15 халықаралық байқаушы келді. Олар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Жамбыл және Алматы облыстарында жұмыс істеп жатыр.

Жалпы Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 272 өкілді байқаушы ретінде аккредиттеген.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT