Референдумға шығарылатын өзгерістер демократиялық заңдарға жол ашады – Ілияс Түстікбаев
2022 жылғы 1 маусым 11:17

Референдумға шығарылатын өзгерістер демократиялық заңдарға жол ашады – Ілияс Түстікбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан студенттері альянсының президенті, ҚР Сенат жанындағы жастар мәселелері жөніндегі кеңес мүшесі Ілияс Түстікбаев 5 маусымдағы республикалық референдумға шығарылатын өзгерістерді болашақта қабылданатын демократиялық заңдадырдың бастамасы ғана ретінде атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституциялық реформаның ішінде нақты жастарға да керек өзгерістер бар. Бұл мемлекетті демкоратияландыру бағытында шығарылатын заңдардың тек басы ғана. Осы өзгерістер қабылданған кейін әрі қарай жерге байланысты, прокуратураға, сайлауға байланысты, партияға байланысты, БАҚ-қа байланысты түрлі жаңа заңдар қабылданады», - деген сарапшы еліміз бойынша жер кезегіне тұрып жатқан жастардың көбейгенін атап өтті.

«Статистика бойныша жер алуға өтінім бергендердің арасында жастардың үлесі басым екен. Жер кезегіне жастар көп тұрып жатыр. Бұл жастардың конституциялық реформаларға сенетінін, ертең игерілмей жатқан жердің мемлекетке қайтарылып, жастарға берілетініне сенімді екенін көрсетеді. Шынымен де солай болады. Кейбір азаматтардың меншігінде мыңдаған, жүзмыңдаған гектар жер бар. Ол қазір игерілмей бос жатыр. Қазіргі заңның күшімен оны мемлекетке қайтару мүмкін емес. Болашақта тиісті заң енгізіліп бос жердің бәрі мемлекет меншігіне қайтарылады. Оны игерем, жұмыс істеймін деген азаматтарға қайта таратып береді», - деді Ілияс Түстікбаев.

Айта кетейік, референдумға баратын қазақстандықтарға мына мәліметтерді білгені абзал.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT