Ресейдегі этникалық қазақтардың балалары Қазақстанға саяхаттайды
2022 жылғы 1 маусым 12:03

Ресейдегі этникалық қазақтардың балалары Қазақстанға саяхаттайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев балалар мен жасөспірімдер арасындағы ішкі туризм жобалары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар мен жасөспірімдер арасында ішкі туризмді дамыту мен насихаттау бойынша жұмыстар жергілікті атқару органдарымен бірлесе жүргізілуде. Мысалы, Алматы облысында 300 баланы қамтитын, тау және жаяу жүру туризміне арналған «Жоңғария» республикалық туриадасын өткізу жоспарланып отыр», - деді Д. Абаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ тұрғындардың демалысқа жұмсайтын шығынын азайту және ішкі туризмді насихаттау мақсатында Kids Go Free – балалар әуе билетін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шарасы күшіне енді.

«Биыл шілде айында Ақмола облысында Ресей Федерациясының этникалық қазақтарынан құралған 250-ден аса мектеп оқушысына арналған «Айналайын, Атамекен!» турын өткізу жоспарланып отыр. Жаз айларында балалар археологиясы бойынша жобалар, «Ауылдағы апта», «Summer school» әлеуметтік бастамалары жүзеге асырылып, 2000-ға жуық баланы қамту көзделіп отыр», - деді Дәурен Абаев.

Бұған дейін Дәурен Абаев балаларға арналған мәдени жобаларды таныстырған еді.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT