Риддер тұрғынының атына 3 млн теңге несие алған алаяқ ұсталды
2022 жылғы 5 мамыр 01:44

Риддер тұрғынының атына 3 млн теңге несие алған алаяқ ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғынын алдап соққан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына 23 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Өз сөзінде ол бейтаныс жігіттің өзін әңгімеге тартып, несие алып беруін өтінгенін, ай сайын үзбей төлеп отыратынын айтып сендіргенін жеткізді.

Осылайша, ер адам 2 900 000 теңге сомасында бірнеше банктен несие ресімдеген. Алайда бірнеше ай несие бойынша берешекті төлегеннен кейін ол байланысқа шықпай, жоғалып кеткен. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 22 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясында 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде полицейге күш көрсеткен екі жігіт ұсталғанын хабарлаған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT