Сағынтаев ЭКСПО нысандарын көрмеден кейін пайдалануға қатысты кеңес өткізді
2018 жылғы 26 ақпан 16:01

Сағынтаев ЭКСПО нысандарын көрмеден кейін пайдалануға қатысты кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес барысында көрме аумағында инновациялық экожүйе нысандарын, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығын, Astana Hub, Халықаралық АТ-университетін, Халықаралық жасыл технологиялар орталығын орналастыру мәселелері қаралды.

Кеңесте «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е. Шорманов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Мамин, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев сөз сөйледі.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT