Санат Көшкімбаев: Сенім шаралары – сириялық келіссөздің өте маңызды тұсы
2022 жылғы 16 маусым 14:18

Санат Көшкімбаев: Сенім шаралары – сириялық келіссөздің өте маңызды тұсы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана процесі сириялық қарсылас тараптардың бір-біріне сенімін арттырады. Мұндай пікірді елордада өтіп жатқан Сирия жөніндегі Астана процесінің 18-келіссөзі аясында саясаттанушы Санат Көшкімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің келіссөздері – Сирияның ішкі ахуалын тұрақтандыру үшін маңызды кезеңдердің бірі. Астана процесіне бес жылдан астам уақыт өткенін, жанжал шиеленісін тоқтату, көптеген техикалық мәселені шешу үшін гуманитарлы дәліз құру тұрғысында айтарлықтай нәтижеге қол жеткенін атап өткен жөн. Астанадағы алаң түптеп келгенде тараптардың бір-біріне деген сенімін арттырады. Сенім шаралары – сириялық келіссөздің өте маңызды тұсы», - деді саясаттанушы.

Оның атап өтуінше, Сирия мәселесіне қатысты алаң Женевада құрылған. Осы екі алаң саяси келіссөз жүргізуде бір-бірін толықтырып, көмектесіп отырады.

«Жауласушы тарап алғаш рет кездесіп отырған жоқ. Бұл - Астана алаңының басты жетістігі. Олар азаматтық соғыс басталғаннан кейін 8 жыл өткен соң 2017 жылдың қаңтарында алғаш рет ашық түрде келіссөз үстеліне отырды. Қазіргі уақытта біз нақты оң прогресс көріп отырмыз», - деді Санат Көшкімбаев.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT