Семей жастары Абай облысының құрылуына қатысты ойларын ортаға салды
2022 жылғы 22 наурыз 13:46

Семей жастары Абай облысының құрылуына қатысты ойларын ортаға салды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде жастар мен еріктілер Абай облысының құрылатынына қатысты пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan University базасының коворкинг орталығында Amanat партиясының жастары, жастарды қолдау кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдары мен еріктілер бас қосты.

Мұндағы мақсат – Абай облысының құрылуына қатысты пікір алмасу.

«Жолдаудың мазмұны мен мәні барлық Қазақстан халқы күткендей ерекше болғаны анық. Соның ішінде, ел Президентінің Семей өңіріне Абай облысын беруді ұсынғаны дүйім жұрттың көңілінен шықты. Бұл Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына серпін береді. Жастарға тиісті жағдай жасалып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады деп сенеміз» - деді «Amanat» партиясы жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш.

Пікір алаңына жиналғандар Жолдау туралы өз ойларын ортаға салып, Жаңа Қазақстанның болашағын бірлесіп құратынын жеткізді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы осы Жолдауында Абай еліне деген құрметін тағы бір мәрте көрсетті деп білемін. Семей жастары Абай облысы атауын қолдап, Президентімізге үлкен алғыс білдіруде», – деді Семейдегі белсенді жастардың бірі Әліби Абдураймов.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT