Семейде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан үш адам 4 жылға сотталды
2022 жылғы 1 шілде 16:30

Семейде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан үш адам 4 жылға сотталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 3 адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 3 адамға сот үкімі шықты.

Олар ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздікке қатысу), 380-бабы 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша қылмыс жасаған.

Семей қаласының №2 соты күдіктілер мен Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы арасында жасалған процестік келісімге сәйкес, ер адамдардың істеген ісіне толық өкінгенін және келген залалды өтегенін ескеріп, оларды 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

«Сотталғандардың кінәсі қылмыс жасалған жердегі бейнежазбалармен, куәгерлердің сөзімен және алынған заттай айғақтармен дәлелденеді. Қалған қылмыстық істер өндірісте және аяқталу сатысында. Айғақ-дәлел жинау бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.



Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT