Шахтер кәсібін трансформациялау керек - Николай Радостовец
2022 жылғы 17 маусым 14:40

Шахтер кәсібін трансформациялау керек - Николай Радостовец

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец шахтер кәсібін трансформациялауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, көмір – біздегі ең маңызды стратегиялық ресурс. Және де шахтер кәсібі көмірді өндірілген жерінде қайта өңдеу, жаңа өндірістер құру тұрғысында саланы реформалау позициясында трансформациялануы қажет. Осыған орай қоғамда «шахтер кәсібі – жоғалып бара жатқан мамандық» деген тақырыптың талқыланғанын қаламас едім», - деді Николай Радостовец ІІ Көмір өнеркәсібі форумы барысында.

Осы ретте ол көмірді қайта өңдеуді дамыту қажеттігін баса айтты.

«Іс жүзінде Үкімет және бәоімізге көмір саласын өнімнің жаңа түрлерін қалыптастыратын, оны экспортқа шығара алатын жоғары қайта бөлініс саласы, қайта өңдеу саласы ретінде сақтап қалу қамын ойлауымыз керек. Қазіргі уақытта Шұбаркөл өнімнің бірқатар жаңа түрін, оның ішінде коксхимия шығара бастағанын білемін. Газды да, мұнайды да, дәрілік бағыттағы өнімдерді де шығаруға болады», - деді қауымдастықтың атқарушы директоры.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT