Шардарада көлік сайға құлап, 4 адам көз жұмды
2022 жылғы 20 маусым 10:17

Шардарада көлік сайға құлап, 4 адам көз жұмды

ШАРДАРА. ҚазАқпарат- Шардарада жол апатынан 3 жолаушы мен жүргізуші көз жұмды. Ал, бір тұрғын аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде аталған көлік апаты туралы видео тарады. Онда көліктің қатты жылдамдықпен келіп, сайға құлап түскенін көруге болады.


«Көлік апатының мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталатын болады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалды»,-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT