ШҚО-да 10 мыңнан астам жүкті және бала емізетін әйел вакцина алды
2022 жылғы 17 наурыз 04:26

ШҚО-да 10 мыңнан астам жүкті және бала емізетін әйел вакцина алды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 10 мыңнан астам жүкті және бала емізетін әйел Pfizer вакцинасының екі компонентін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасып жатыр.

«Аймақ бойынша аталған екпенің екінші компонентін 100 мыңнан астам адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 90 041 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 2239 жүкті және 7770 бала емізетін әйел екпе алды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде.

Қазір осы санаттағы 27 мыңға жуық адам үшінші рет вакцина алып отыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жалпы Шығыс Қазақстанда 498 452 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT