ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылық фестиваль өтті
2022 жылғы 5 маусым 03:49

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылық фестиваль өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы Балалар жылына орай мүмкіндігі шектеулі балдырғандар арасында шығармашылық фестиваль өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үміт оты-2022» фестивалі биыл Үржар ауданында өткізілді. Шара мақсаты – дарынды балаларды анықтау, жас таланттарды қолдау және шығармашылығын шыңдау.

Ең әуелі Семей, Аягөз қалаларынан, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандарынан 5-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар іріктеу кезеңінен өтті. Содан кейін Үржар ауданы Ақжар ауылындағы Гала-концертке қатысып, өздерінің үздік нөмірлерін көрсетті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға ерекше назар аудару керектігін, олардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі екендігін айтқан еді. Балалар жылы аясында облыс бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі болған бұл фестивальді енді жыл сайын дәстүрлі түрде өткіземіз деп жоспарлап отырмыз», - деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Ердоғанның назарын аударған оқушының үйіне Түркия елшілігінен қонақ келгенін хабарлаған едік.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT