ШҚО ормандарында биыл 74 рет өрт шықты
2022 жылғы 27 маусым 05:15

ШҚО ормандарында биыл 74 рет өрт шықты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы ормандарда биыл 74 рет өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 74 орман өрті тіркелді. Қызыл жалынның жалпы ауданы 814,1 гектарды құраған.

Өрттердің 60% найзағайдан, 36% халықтың отты абайсыз қолдануынан шыққан. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«От тұтануын бастапқы сатыда қадағалау үшін ТЖД қызметкерлері космомониторинг пайдалануда. Ондағы деректерді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен «Geosat» ЖШС ұсынады. Биыл соның арқасында 482 термонүкте анықталып, құтқарушылар өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Мамандандырылған заманауи бағдарламалық жасақтаманың көмегімен тәулік бойы үздіксіз бақылау жүргізіледі», - делінген ақпаратта.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT