ШҚО тұрғындары полицияға заңсыз сақталған 68 қару өткізді
2022 жылғы 4 мамыр 23:15

ШҚО тұрғындары полицияға заңсыз сақталған 68 қару өткізді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары полицияға заңсыз сақталған 68 атыс қаруын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сәуір айының 25-нен бастап заңсыз сақталатын қаруларды азаматтардан сатып алу бойынша акция жүргізілуде. Сол уақыттан бері азаматтар 68 атыс қаруын өткізген. Оның ішінде 11 ойық және 57 тегіс ұңғылы қару.

«Мәселен, Үржар ауданында 52 жастағы ер адам 2021 жылы қайтыс болған көршісінен қалған үш мылтықты өз еркімен тапсырды. Қазіргі уақытта сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Азаматқа қарулары үшін 230 000 теңгеден астам сыйақы беріледі», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Осы ретте, ведомство өкілдері қару-жарақ сатып алу акциясының ерекше өкімге дейін жалғаса беретінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде бес күнде жол ережесін бұзған 26 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылғанын хабарлаған едік.

Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT