Шу қаласында полицияға күш көрсеткендер ұсталды
2022 жылғы 7 мамыр 19:15

Шу қаласында полицияға күш көрсеткендер ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында полиция қызметкерлеріне бағынбай, қарсы күш көрсеткендер ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«7 мамырға қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз адамдар тобының тәртіп сақшыларына күш көрсетіп жатқаны туралы хабарлама түседі. Полиция қызметкері оларды тыныштандыру үшін ескерту оғын атуға мәжбүр болған»

, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Шу қаласындағы вокзал алаңында патрульдік полиция қызметкерлері алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінсіз жүрген «ВАЗ-21014» автокөлігін тоқтатады.

«Мән-жайды анықтау барысында көліктің жүргізушісі мен жолаушылары полицияның заңды талаптарына бағынбайды. Мұнан соң өзге де таныстарымен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен»

, - деп түсіндіреді ведомство.

Аталған факті бойынша Шу аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 380-бабы 1-тармағы «Билік өкіліне қарсы күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Заңбұзушылық әрекет жасағандардың барлығы анықталды. Оларға қатысты тергеу-оперативтік шаралары жүргізіліп жатыр. Билік өкілдеріне қарсы күш қолданған белсенділер ҚР ҚПК 128-131 баптары бойынша ұсталды. Қалған мәліметтер ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды»

, - деп нақтылады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысында қызметтік ит адам өлтірген күдіктіні ұстап берді.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT