Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының қалай бөлінетіні белгілі болды
2022 жылғы 6 сәуір 17:45

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының қалай бөлінетіні белгілі болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан мен Абай өңірлерінің қалай бөлінетіні Өскеменде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту барысында Тарбағатай ауданының құрамынан Ақсуат және Тарбағатай аудандарын, ал Көкпекті ауданынан Самар және Көкпекті аудандарын құру туралы шешім қабылданып отыр.

Алдағы уақытта Тарбағатайдың әкімшілік орталығы – Ақжар ауылы, Ақсуат ауданының орталығы – Ақсуат ауылы болмақ.

Территориялық бөліністерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының аумағы 97,8 мың шаршы метр болады. Құрамына 9 аудан және 2 қала кіреді.

Абай облысының аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрап, құрамына 8 аудан және 2 қала енеді.

«Атап айтқанда, ШҚО аумағында – Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары қалады. Абай облысына – Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары қарайды. Жаңадан құрылатын облыс халқының саны – 638,3 мың адамды құраса, Шығыс Қазақстан облысының халқы – 717,6 мың болмақ. Бұл аймақ тұрғындарының 53 пайызы», - деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Өнеркәсіптердің 32 пайызы – Абай облысында, 68 пайызы – ШҚО-да қалмақ.

Екі облыстың қала-аудандары 1997 жылы Семей облысы қосылғанға дейінгі территориялар бойынша бөлінген.

Сессияның қорытындысында бірлескен қаулы мен шешім Үкіметке жолданды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT