Шымкентте екі ай ішінде 6 адам табиғи газдан уланып қайтыс болды
2022 жылғы 11 ақпан 00:01

Шымкентте екі ай ішінде 6 адам табиғи газдан уланып қайтыс болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Шымкент қаласында табиғи газбен уланудың 4 жағдайы тіркеліп, 6 адам қайтыс болды. Мамандар қайғылы жайттардың барлығында газ құрылғыларының дұрыс орнатылмағандығын анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері қаңтар, ақпан айларында тұрғындармен 500-ге жуық жиын өткізіп, газдан уланудан сақтану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. Нәтижесінде 130 000 жуық тұрғын қауіпсіздік нұсқауымен қамтылған. Сондай-ақ, үй-үйді аралап жадынамалар таратқан. Өткізілетін іс-шаралар барысында көп балалы отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға ерекше көңіл бөлінген. Ал, әлеуметтік осал отбасыларға 1200-ге жуық улы газ анықтайтын датчиктер орнатылыпты.

«Азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, еріктілермен бірлескен рейдтер жүргізуде. Үй иелеріне жылыту құралдарын пайдалану кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері түсіндіріп жатыр. Тұрғындар назар аудармайтын пештегі кішкентай жарықшақ үлкен қауіп төндіреді» - дейді Шымкент қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығының орынбасары Эльмира Ережепова.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT